Куриль аралының тұрғынын аю талап өлтірді

Куриль аралының тұрғынын аю талап өлтірді
Cурет: Ашық дереккөз

Орманшылар ашулы аюдың көзін жойды

Курилдегі Итуруп аралында 33 жастағы жергілікті тұрғынды аю талап өлтірді. Орманшылар ашулы аюдың көзін жойғанын мәлімдеді, Almaty-akshamy.kz.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, марқұм болған ер адам сенбіде үш досымен бірге микроавтобуспен табиғатқа шыққан. Рейдово елдімекенінен жиырма шақырымдай жерде көліктері бұзылып қалған. 

Ер адамдар өздеріне келген құтқарушыларға төтенше жағдай туралы хабарлаған. Бұл уақытта араларындағы бір жігіт көмек іздеп кетіп, сол бойы оралмаған.

Жоғалған еркектің денесін көмекке келген волонтерлер жексенбі күні таңертең тапқан. Оны талап өлтірген аю сол жерде болған. Куриль орман шаруашылығының қызметкерлері ашулы аюды атып өлтірді.