Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңіске қол жеткізді

Кукушкин Токио Олимпиадасындағы алғашқы жеңіске қол жеткізді
Сурет: Olympic.kz

Токио Олимпиадасында теннисшілер бәсекесі жалғасып жатыр.

 Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен кездескен болатын. Екі сетке созылған матчта қазақстандық теннисші 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылған.