«КУКART-XV» жүлдесін алды

«КУКART-XV» жүлдесін алды
almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік қуыршақ театры Санкт-Петербург қаласында өткен «КУКART-XV» қуыршақ және синтетикалық театрлар фестиваліне офлайн түрде  қатысып, режиссер Д.Жұмабаева қойған ағылшынның ұлы драматургі, ақын Уильям Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» оқиғасын суреттейтін спектаклімен додаға түскен болатын. Аталмыш шарадан «Уильям Шекспир шығармасының қазақ тіліндегі ерекше оқылымы» атты номинациясымен марапатталды.

Еске сала кетсек, аталмыш қойылымдағы басты кейіпкерлер Ромео мен Джульеттаны сахналау үшін жас өнерпаздар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма актері» мамандығының 3 курс студенттері Ғалым Амангелдіұлы мен Салтанат Төребай 50-ге жуық жас таланттар бақ сынаған кастингтен арнайы өтіп, театрдың көркемдік кеңесі мүшелері әрі режиссер шешімімен басты рөлдерге бекітілген болатын. Жастар сенімді ақтады.