Кубадағы мұнай базасында тілсіз жау әбігер етуде

Кубадағы мұнай базасында тілсіз жау әбігер етуде
Сурет: Рhonoteka.org

Өрт біршама орынға жайылды

Кубадағы мұнай базасы алапат өртке оранды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап

Оқиғадан 120 адам зардап шеккен.Тағы 17 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Өрт мұнай қоймаларының бірінде болған жарылыстан кейін басталған. Қызыл жалын жақын маңда орналасқан қоймаларға да таралып кетті.

Қазір аспанды қою қара түтін басты. Апат болған маңайдан 800-ге жуық адам шұғыл эвакуацияланды.

Мамандар тілсіз жаумен алысып жатыр. Куба билігі өзге елдерден көмек сұрады.