Қуат Хамитов октагонға қашан шығатыны белгілі

Қуат Хамитов октагонға қашан шығатыны белгілі
Сурет: Ашық дереккөзі

Қаңтар айында "Найман" спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді

Белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Mergen Fighting Championship промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Хамитов 10 қыркүйек күні Атырауда MFC3 турнирінде октагонға шығады. Кештің басты айқасында отандасымыз ресейлік нокаутер Василий Бабинцевпен күш сынасады.

Осыған дейін Қуат Хамитов украиналық Заки Фатуллазадемен шығуы тиіс болған. Алайда соңғы сәтте жекпе-жек өтпейтін болды.

Еске салайық, биылғы жылдың қаңтар айында "Найман" спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді.