ҚТЖ пойыз билетін онлайн қайтару қызметін іске қосты

ҚТЖ пойыз билетін онлайн қайтару қызметін іске қосты
Сурет: Informburo.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ осы қызметті іске қосты.

Қазақстандықтар енді пойыздағы орынды онлайн кері қайтара алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалғанда және станциядан аттанғаннан кейін 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады.

«2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электронды жол жүру құжаты бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты», - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы».

Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалғанда және станциядан аттанғаннан кейін электронды билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады.

Орынды қайтару үшін мыналарды орындау керек:

Қазақстан темір жолы сайтына кіру, «Наразылық бойынша орынды қайтару» қосымша бетін басу;

сайтта қажетті барлық жолды толтырып, орынның қайтарылғаны туралы түбіртекті жүктеу.

«Жолаушыға қаражат электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын жолаушылар ескеруі тиіс», - деді баспасөз қызметі.

Толығырақ ақпаратпен компания сайтындағы «Көмек» – «Орындарды қайтару» бөлімінде танысуға болады.

Жолаушылар тасымалы ережелері бойынша қолданылмаған жол жүру құжаты үшін ақшаны қайтару орынды сату жүйесіне қайтарған кезде ғана орындалатынын атап өту керек.