ҚТЖ мен оның еншілес компанияларына мониторинг жүргізілді

ҚТЖ мен оның еншілес компанияларына мониторинг жүргізілді www.bugin.kz

«Қазақстан темір жолы» мен оның еншілес компаниялары қызметіне мониторинг жүргізілді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің  сайтына сілтеме жасап.


Мониторинг аясына 42 ұйымның 424 қызметін тексерілді.



42 компанияның ішінде 14 компания мониторингпен қамтылмаған, оның ішінде: Жетеуі Қазақстан Республикасының резиденттері емес, Жетеуі  акциялардың (қатысу үлестерінің) 50% - дан аспайтын үлесі бар бірлескен кәсіпорындар.



Осылайша, талданған 424 қызмет түрінің 81-і Агенттіктің келісімінсіз жүзеге асырылып келгені анықталды.


Анықталған бұзушылықтарды жою үшін Агенттік ҚТЖ және оның ұйымдас компанияларына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы 19 ұйғарым шығарды.



Атап айтқанда, ҚТЖ, «Кедентранссервис» АҚ, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС, «Қазақстанның көлік холдингі» ЖШС, «KTZ Express» АҚ, «KTZ EXPRESS SHIPPING» ЖШС, «Теміржолсу» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС, «Порт Құрық» ЖШС келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату немесе оларды белгіленген тәртіппен келісу туралы ұйғарым шығарылды.



Осындай жұмыс аймақтардағы әлеуметтік саланың 251 мемлекеттік кәсіпорынға да жүргізілді. Мониторинг аясында 59 субъектінің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды тоқтату туралы ұйғарымдар жолданды.


2023 жылға арналған жоспарларға сәйкес мұндай жұмыс «Самұрық-Қазына» АҚ-ға кіретін жекелеген кәсіпорындар бойынша да жалғасатын болады, олардың ішінде: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Самұрық Қазына Бизнес Сервис» ЖШС, «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.



Анықтама: 2022 жылы мемлекеттің кәсіпкерлікке негізсіз қатысуын қысқарту жөніндегі кезекті шара ретінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне квазимемлекеттік кәсіпорындардың мониторингі бойынша құзырет берілді. Мониторинг жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу тұрғысынан квазимемлекеттік компаниялар қызметінің жүзеге асырылатын түрлерін салыстыруды білдіреді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38