ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерлерден заңсыз сыйақы алып келген

ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерлерден заңсыз сыйақы алып келген
Сурет: Liter.kz

«Қазақстан темір жолы» қызметкерлері кәсіпкерлерден заңсыз сыйақы алып келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәселен, соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталды. Олардың көпшілігі парақорлық пен ұрлық фактілері бойынша айыпты деп танылған. Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою, жұмысқа алу және қызмет бойынша ауысу, сонымен бірге жүк тасымалдаушы вагондар мен тепловоздарды кедергісіз беру кезінде орын алып отырған.