Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасын содырлар мұқият жоспарлағанын айтты

Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасын содырлар мұқият жоспарлағанын айтты
Cурет: Egemen.kz

Содырлар Орталық Азияның бір қаласынан келген

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Алматыға шабуыл жасаған содырлардың жұмысшы атын жамылып келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президенттің айтуынша, бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызықпаған. Олар әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарды басқарды. 

«Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты құжаттарға қызығушылық танытты. Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды. Содырлардың әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар,-деді Тоқаев.

Сонымен қатар ол содырлар Орталық Азияның бір қаласынан келгенін жеткізді.

«Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер. Жұмысшы атын жамылып, шекара арқылы қалаға кіріп, операцияны басқарған», - деді Президент «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.