Кредит алғандардың жағдайы мәз емес

Кредит алғандардың жағдайы мәз емес
bag. kz

Елімізде несиелік ахуал индексі нашарлады

2022 жыл басталысымен еліміздің кредиттік ахуал индексі 3,9 сатыға төмен түсіп, 62,1% болды. Бұл көрсеткіш - несиені өтеу ықтималдығы жоғары қарыз алушылардың үлесі. Ал қарыз алушылардың 18,2%-ы қазірден дефолтқа ұшыраған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мекемесінің бас директоры Руслан Омаров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz baq.kz сілтеме жасап.

Оның айтуынша, дефолтқа ұшырағандар - қарызын өтеуді 90 күнге шегергендер. Сондай-ақ кредит алғандардың 19,7%-ның да жағдайы мәз емес, олар анықталмаған аймақта. Азаматтардың бұл санаты әртүрлі өзгерістерге сезімтал, бұл олардың несиелік тәртібіне әсер етуі мүмкін.

2021 жылы қаржылық сауаттылық индексі 0,6 сатыға өсіп, 5,13%-ға жеткен. Ел азаматтары өздерінің кредиттік тарихына көп мән беретін болған. Сарапшылардың айтуынша, қажетсіз несиелерден құтылу үшін, оның алдын алу шараларына жүгінетін қазақстандықтар көбейген, – дейді Омаров.

Кредиттік алаяқтармен күресу үшін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен 2022 жылы Бірінші кредиттік бюро ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Стоп-кредит» сервисін іске қосқан. Бұл қызмет жеке тұлғалардың несие тарихына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді.