«Креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» құрылды

Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелігіне кино, анимация, медиа, сән, сәулет, дизайн және заманауи өнер салаларының өкілдері кіреді.

Авторлардың айтуынша, қауымдастық бизнестің барлық сала бойынша ұсыныстарын ескеруге мүдделі. Қауымдастыққа мүше болу кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Креативті экономика – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан секторлардың бірі. Ол басқа салаларға да, мысалы, ақпараттық технологияларға, туризмге, логистикаға және өндіріске де орасан мультипликативтік әсер етеді. Креативті экономиканың мемлекеттің имиджін арттыру жолында да маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті шаралар әзірлеуді және қазіргі заманғы нормативтік-құқықтық реттей отырып, креативті экономиканы дамытуды тапсырды. Бұл бағытта Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен жұмыс тобы құрылып, оны бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов басқарады. Ал хатшы болып креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Данат Жұмин сайланды. Жұмыс тобына салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлері, өңірлер әкімдерінің орынбасарларымен қатар, «Қазақстанның креативті кәсіпкерлері қауымдастығының» басшысы Эрнар Құрмашев кірді.
Мемлекет басшысы креативті хаб құрудың, бизнес өкілдерімен арнайы инвестициялық раундтар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Алматы саланы дамытудың «локомотивіне» айналады. 15 тамызға дейінгі мерзімде экономиканың креативті секторын дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленуге тиіс екенін жеткізді.
Бірлестіктердің маңыздылығын атап өткен Эрнар Құрмашев әлемдік тәжірибені мысалға келтіре отырып: «Креативті экономиканың экожүйесін құру, бұл – шығармашылық бизнестің дұрыс ортада дамуы маңызды деп санайтын креативті кәсіпкерлердің жеке бастамасы. Мәселен, Оңтүстік Кореядағы шығармашылық бизнес қауымдастығы, АҚШ-тағы продюсерлер гильдиясы, Ұлыбритания мен Ресейдегі креативті индустрия Федерациясы елде креативті экономика қалыптастыру үшін өте маңызды екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Осы орайда мен аталмыш саланың даму перспективаларын түсінетін барлық креативті кәсіпкерлерге қауымдастыққа қосылуды және мемлекетпен дұрыс диалог құруды ұсынамын. Бұл біздің өз ұсыныс-тілектерімізді айтуға және креативті индустрияларды дамыту бойынша шараларды әзірлеу кезіндегі мүдделеріміздің ескерілуіне қол жеткізуге тамаша мүмкіндік», — деді.

«Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жұмысы туралы толық ақпаратты creativekazakhstan.kz. ресми сайтынан білуге болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *