ҚР Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құрылды

ҚР Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құрылды
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы 2022 жылғы 15 маусым Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым