ҚР Премьер-Министрі үштік «газ одағына» қатысты пікір білдірді

ҚР Премьер-Министрі  үштік «газ одағына» қатысты пікір білдірді
www.inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында «газ одағын» құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта үшжақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Алған кезде оны қарастыра жатармыз», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Ресеймен арадағы газбен қамту саласындағы ынтымақтастық мәселесі екіжақты келіссөздер арқылы жүргізіліп жатыр.

«Таяу уақытта «Газпроммен» келіссөздің келесі кезеңін күтіп отырмыз. Бүкіл қарым-қатынас коммерциялық және өзара тиімді шарттармен жасалады. Біз екіжақты форматтағы жұмысты жалғастырамыз», - деді Премьер-Министр.