ҚР Премьер-Министрі Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты Сурет: Рrimeminister.kz

Үкімет басшысы 2022 жылдың соңында іске қосылуы тиіс «KamaTyresKZ» ЖШС жаңа шина зауытының құрылыс алаңына барды.


Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кәсіпорын жоспарлы қуаттылыққа шыққаннан кейін өнім, соның ішінде автомобильдердің бастапқы комплектациясы үшін Қазақстан нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жеткізіледі деп күтілуде. 


Содан кейін Әлихан Смайылов жылына 1200 бірлік автобус шығаратын «QazТehna» ЖШС зауытына барды. 


Бүгінде кәсіпорында мектеп автобустарын шығару жолға қойылған, олар жаңа оқу жылына қарай Қазақстанның тоғыз облысына беріледі. Сонымен қатар жыл соңына дейін қоғамдық тасымалдау үшін де автобустар шығару жоспарланған. 


Сондай-ақ Премьер-Министрге импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске қосуылуы тиіс «Meridian Company» ЖШС болашақ тұрмыстық техника зауытының жобасы таныстырылды. 


Бұдан әрі Әлихан Смайылов жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырған РТБ (резеңке техникалық бұйымдар) шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді қалпына келтіру барысымен танысты. 


Жалпы, Саран қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны соңғы үш жылдық кезеңде 260%-қа ұлғайды. 2022 жылы тағы 250 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34