Қожа Ахмет Яссауи кесенесін арнайы күзет бақылайтын болады

Қожа Ахмет Яссауи кесенесін арнайы күзет бақылайтын болады
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев кесенені террористер жарып жібермек болғанын айтқан.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаевтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда террористік қауіп әлі де артып отыр. Жыл сайын кем дегенде екі террористік шабуыл жасалып тұрады.

Бүгін Дархан Сатыбалды кесененің қауіпсіздігі қазір Үкімет деңгейінде талқыланып жатқанын айтты. Оның сөзінше, «кепілдікті ешқашан ешкім бере алмайды».

«Кім не ойлап жүргенін ешкім білмейді. Ондай оқиға ақпан айында орын алды. Мен оны өзім де БАҚ арқылы естідім. Менің білуімше, Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасаған деп естідім. Енді олар мынау басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер айтады: «Серік қосасың, тағы басқа нәрселер» дейді. Оған мен не ой, не үшін оған барғанын айта алмаймын», – деді аймақ басшысы.

Дархан Сатыбалды кесене қауіпсіздігі бойынша Үкіметке хат жазғанын да айтты.