Ковид қайда кетті?

Ковид қайда кетті?
1pnz.ru

Әлемде COVID-19 індетін нақты қанша адамның жұқтырғаны туралы ақпарат аз, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Ақпараттың аздығы инфекцияны сараптау жұмыстарын қиындатып отыр. Сондықтан ұйымның бас директоры әлем елдері ковид жұқтыру дерегін үнемі бақылауда ұстау керек дейді.

Соңғы кездері әлем бойынша тестілеу көрсеткіші 20%-ке төмендеп кеткен. Сондай-ақ ұйым жетекшісі балалар арасында гепатиттің ауыр түріне жататын, бірақ мүлде түсініксіз 169 жағдайдың тіркелгенін, соның салдарынан 1 жеткіншектің көз жұмғанын мәлімдеді.

– Әдетте өткір гепатит тудыратын вирустар анықталған жоқ.  Аденовирус кемінде 74 жағдайда белгілі болды. Бұл инфекция коронавирустан туындауы мүмкін деген күдік бар. Қазір барлық жағдай зерттеліп жатыр, - дейді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.