Қостанайлық депутаттар өз таңдауларын жасады

Қостанайлық депутаттар өз таңдауларын жасады
inform.kz

Қостанай қаласында Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таңғы 10:00-ден бастап  Қостанай облысының аудандары мен қалаларында сайлаушыларын тіркеу жүргізілуде. Жалпы залға кіреберісте кандидаттар туралы ақпарат бар стенд орнатылған.

Бастапқыда облыстан бес өтініш берілген, бірақ екі кандидат ОСК-да тіркеуден өтпеген. Бүгінге дейін Қостанай облысынан сенаторлыққа үш үміткер ұсынылды.

«Құрметті барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары. Таңдаушылардың бірлескен отырысының күн тәртібінде бір мәселе – Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бар. Бірлескен отырысқа 255 депутат қатысып отыр, қалған 8 депутат дәлелді себеппен қатыса алмады», - деді жиынды ашқан Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов.