Қостанайда үш күннен бері іздестіріліп жатқан бес жасар қыздың денесі судан табылды

Қостанайда үш күннен бері іздестіріліп жатқан бес жасар қыздың денесі судан табылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың мәйіті табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қыз бала табылды, ол суға батып кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.

Толық түсініктеме жақында беріледі деп сендірді полицейлер.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Іздеу жұмыстарына 500-ден астам полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.

Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.

Кеше бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды.

Кешкі уақытта егістік алқаптың үстінен дельтапландар ұшырылды.