Қостанай облысында өрт сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық көлемінде сыйақы беріледі

Қостанай облысында өрт сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық көлемінде сыйақы беріледі
Сурет: 24.kz

Үкіметке тапсырма берілді

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Мен жалынмен күресіп жатқандардың бәріне өз атымнан жеке алғыс жолдағым келеді. Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті. Олар ең жоғары бағаға лайық деп ойлаймын және тиісті марапат алады. Оның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Үкімет өрт сөндіруге тікелей қатысқандарды екі айлық еңбекақы көлемінде марапаттау туралы тиісті қаулы әзірлеуі керек», - деді Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Төтенше жағдайлар министрлігін қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге қабілетті институт ретінде күшейту туралы тапсырма берген болатын.