«Көшпенділер» фильмінің сценарийін жазған белгілі кинорежиссер дүние салды

«Көшпенділер» фильмінің сценарийін жазған белгілі кинорежиссер дүние салды
Cурет: wikipedia.org

Рустам Ибрагимбеков әйгілі «Белое солнце пустыни» фильмінің де сценариін жазған

Белгілі кинорежиссёр, сценарист, Әзірбайжан халық жазушысы, бес дүркін Ресей және Әзірбайжан мемсыйлығының лауреаты Рустам Ибрагимбеков 84 жасында дүние салды. Бұл туралы белгілі журналист Махат Садық Facebook-парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ибрагимбеков әйгілі фильм «Белое солнце пустыни» сценариін жазып атағы шыққан. Біздің «Көшпенділер» киносының да сценарий авторы. Бақұл бол, ұстаз!», - деп жазды Махат Садық.