Көші-қон бойынша нақты шешімдер қабылданады

Көші-қон бойынша нақты шешімдер қабылданады
www.freshnewsasia.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов сыртқы көші-қон процесін аймақтардың жұмыспен қамту әлеуетін ескере отырып реттейтін ұсыныс дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Сыртқы көші-қон бойынша нақты шешімдер қабылдайтын уақыт келді. Оның ішінде Түркістан, Маңғыстау облыстарына байланысты мәселе бар. Маңғыстауға адамдар әбден қоныстанып болғаннан кейін, енді басқа өңірлерге таратайық деген сұрақтар туындап жатады. Сырттан келген азаматтарды бірден нақты өңірлерге бағыттау керек. Ол бойынша сіздерден нақты ұсыныстар күтеміз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.