Қош енді, қош бол, күрең күз!

Қош енді, қош бол, күрең күз! almaty-akshamy.kz


Мұқағали МАҚАТАЕВ


Күрең күз


Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз!

Қайырмасы:
Қош енді, қош бол, күрең күз
Күрең мұң саған жібердім.
Күлермін деп ем түнердің.
Білермін қалай, білермін.

Жыртылып жатыр күрең жер,
Күрең жер — тозған кілемдер.
Күрең тау анау, күрең бел,
Күрең бел — жиған кілемдер.
Жаз келер және жап-жасыл,
Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:

Қош енді, қош бол, күрең күз!
Ақ қысты тездеп жібергіз.
Ақ қыстай әппақ бір елміз,
Ширығып біраз жүрерміз.
Шынығып өмір сүрерміз.

Қош енді, қош бол, күрең күз,
Қайырмасы:











Фоторепортажды дайындаған - Алматы қаласының баспасөз қызметі және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актерлері

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34