Қос аймақты қосқан көше

Қос аймақты қосқан көше
Сурет: интернеттен

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІ

Бауыржан Момышұлы көшесі алғашында көрнексіздеу, қысқа ғана болғанымен, қазір қаламыздың үлкен көшелерінің біріне айналды.

Көшеге Алматы қаласы атқару комитетінің 31.01.1985 жылғы №3153 шешімімен өрліктің символы, ұлтжандылықтың үлгісі, белгілі жазушы, Панфиловшылар дивизиясы полкінің қолбасшысы, аты аңызға айналған халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілген.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау елді мекенінде дүниеге келген.

Көшеге даңқты батырдың аты берілген кезді еске алған Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова былай дейді:

«1985 жылы Алматының шет жағынан атаның атына көше берілетін болды. Ресми рәсімге Бәкең (батырдың ұлы Бақытжан Момышұлы), мен, тағы 5-6 адам келдік. Ол кезде Саин көшесінен бастап әрі қарай түгел колхоздың жері, қызанақ, көкөніс өседі. Атаның аты беріледі деген көшенің ұзындығы 200 метр ғана екен, көңілім қоңылтақсып қалды. «Осы қаланың орталығында қазаққа қатысы жоқ біреулердің аты берілген небір көшелер бар. Атаға соның біреуін берсе болмай ма? Мынау айдала ғой» дедім Бәкеңе. Сонда Бәкең:

«Момышұлы  біреудің иығынан шапан киген емес. Көр де тұр, әлі-ақ бұл  көше үлкен даңғылға айналады», - деді.

Расымен де, Бақытжанның айтқаны дәл келді. Қазір Момышұлы - қаладағы ең үлкен көшенің бірі. Театры да, бәрі де бар. Мына жаңа ықшамауданда түгел қазақтар тұрады.  Атаның «мен өлген соң да халқыммен біргемін» дегені осы».

Бауыржан Момышұлы көшесі қаланың Алатау, Әуезов аудандарының аумағында орналасқан. Ұзындығы  4500 метр көше Мөңке би көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр.

КӨШЕ БОЙЫМЕН ҚАТЫНАЙТЫН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР:

Троллейбустар: 5, 6, 11.

Автобустар: 7, 16, 50, 52, 65, 66, 85, 101, 126, 201, 206.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІНІҢ ҚИЫЛЫСТАРЫ:

Мөңке би,

Аднан Мендерес,

С. Бәйтереков,

Т. Рысқұлов,

Хан шатыр,

Талдыарал,

Райымбек даңғылы,

Төле би,

Ғ. Елемесов,

Ә. Марғұлан,

А. Жұбанов,

Ұлықбек,

Жеті жарғы,

Абай,

Аманжол,

М. Кәрім,

Шаляпин,

Аманжол,

Тайбурыл.

 

КӨШЕ БОЙЫНДАҒЫ КӨРНЕКІ ОРЫНДАР:

Almaty Arena мұз айдыны.

Alatau Creative Hub.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры.

Magnum сауда орталығы.

Ақсай-3 базары.

«Ақсай-нан» нан зауыты.

Mechta.kz техника дүкені.

«Арыстан» әмбебап базары.

Kitapal.kz кітап дүкені.

Ozyurt мейрамханасы.

«Ақсай» мешіті.

«Береке» мейрамханасы.

EM BU SU моншасы.

№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ

«Тарым» мейрамханасы.

Sputnik Mall ойын сауық орталығы.