Қоржында - төрт қола

Қоржында - төрт қола
Сурет: ашық дереккөз

Бокстан әлем чемпионатында төрт боксшы - Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай қоржынға қола салды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz QAZSPORT-қа сілтеме жасап. 

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова шаршы алаң иесі Ниту Нитудан жеңілсе, 75 келіде Валентина Хальзова австралиялық Кейтлин Анна Паркерден жеңілді.

Ал 66 келіде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Надежда Рябец жартылай финалда қытайлық Янг Людаға есе жіберді. Сондай-ақ 81 келіде өнер көрсеткен Фариза Шолтай қытайлық Ли Вангқа жол берді.