Қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы

Қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы Суретті түсірген - Самат

Бүгін Алматы қаласында жалпықалалық сенбілік өтуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, рухани шаһарды тазарту мен көгалдандыруды көздейтін шараға қоғам қайраткерлері мен танымал әншілер, қала тұрғындары және еріктілер белсене атсалысты.


– Біздің ұжым бұл сенбіліктен қалыс қалмауды жөн санады. Тұрғындарға тегін су, қолғап, жейде таратылды. Сенбілік 15 минуттық бой сергіттер жаттығулармен басталды. Келген адамдар алдымен көшеттерді отырғызды, кейінірек қоқыстарды қаптарға жинады. Осылайша, жасыл желекті көбейтіп, ауланы тазартуды қолға алды.


«Ағаш отырғызу – сауапты іс» демекші, әр тұрғынның белсене араласқаны көңіл қуантады. Қаламыз көркейіп, жасыл желекке оранғанына күш салумыз керек. Алдағы уақытта қаламызда осындай заманауи жалпықалалық сенбіліктер үнемі ұйымдастырылады деген сенімдемін, – деді «Posadiderevo.kz» ұйымының өкілі Данияр Жолдасбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0