Коронавирустан емделіп жатқан төрт науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан төрт науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Ашық дереккөзі

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

11 қазандағы мәлімет бойынша, 1 029 адам коронавирус инфекциясынан (–894 + және 135 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 111 пациент стационарда, 918 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.