Коронавирусқа қарсы вакциналар қатары толығуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакциналар қатары толығуы мүмкін
Сурет: Yamal-media.ru

Вакцинаның екі жаңа үлгісі зертханалық сынаққа жіберілді

Алматыдағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары вакциналардың тиімділігін зерделемек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетерлігі, екпенің бірі австралиялық ғалымдардың көмегімен шығарылған. Ол әдеттегідей иыққа салынады. Ал екіншісі Огайо штатының университетімен бірлесіп әзірленген. Екпенің бұл түрі мұрынға тамызылады. Қазақ аграрлық зерттеу университеті жанындағы вакционология халықаралық орталығының директоры Қайсар Табынов фейсбуктегі парақшасында жаңа вакциналардың бұған дейін жануарларға егіліп, бірнеше рет шағын лабораториялық тексеруден өткенін хабарлады.