Коронавирусқа шалдыққан 89 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 89 науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Vlast.kz

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 16 желтоқсандағы ақпарат


16 желтоқсандағы мәлімет бойынша 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (17 430 КВИ+ және 2 666 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде:

 3 536 пациент стационарда,
 
 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 294 адамның жағдайы ауыр,

 89 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.