Коронавирусты адамның демі арқылы анықтайды

Коронавирусты адамның демі арқылы анықтайды
news.day.az

АҚШ-та коронавирусты адамның демі, яғни үрлеу арқылы анықтайтын тесті қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы осы елдің азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы хабарлады.

Бұл тест түрі шағын аппаратпен жүргізіледі. Ол 2 жарым мың адамның қатысуымен сынақтан өткізілген. Оған коронавирусты жұқтырғандармен бірге дерттен сау адамдар да қатысқан. Сынақ барысында бұл тестілеу түрі адамның коронавирусты жұқтырғанын 91% жағдайда дәл анықтаған.