Коронавирустың «дельтадан» да қауіпті жаңа түрі пайда болуы мүмкін

Коронавирустың «дельтадан» да қауіпті жаңа түрі пайда болуы мүмкін
Сурет: News.obozrevatel.com

Вирустың әлемге кең тарап кеткендігі осыған әкеліп соқтыратын сияқты.

Бұл туралы  мәлімдеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус ол штамның "дельта" нұсқасына қарағанда қауіптірек болуы мүмкін екенін айтты,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ДДСҰ басшысы Токиодағы Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-сессиясында сөйлеген сөзінде өзі басқаратын ұйымның COVID-19-бен күресудегі басты мақсаты - 2022 жылдың қыркүйек айына дейін әлем халқының 70 пайызына екпе салдыру екенін атап өтті. 

«Коронавирус кең таралған сайын оның онсыз да аз шығын әкелмеген «дельта» түрінен де қауіптірек нұсқасы пайда болуы мүмкін. Ал нұсқалары көбейген кезде оның біреуі болмаса, біреуі вакцинаға бағынбай кетуі ғажап емес», - деді Тедрос Адхан Гебрейесус.