Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр

Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр
Inform.kz

27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде: 11 543 пациент стационарда, 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 895 адамның жағдайы ауыр, 222 пациенттің жағдайы өте ауыр, 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.