Коронавирустан хал үстінде жатқан әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

Коронавирустан хал үстінде жатқан әйел дені сау баланы дүниеге әкелді
Сурет: Turkystan.kz

Cалмағы 4 000 г дені сау қыз дүниеге келді.

Коронавирус  салдарынан өкпесі 100 пайыз зақымданып, жансақтау бөлімінен шыққаннан кейін астаналық келіншек дені сау қыз баланы босанды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

Мұндай жағымды ақпаратты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі берді.

«Астанадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері босану кезінде өте ауыр халде болғанына қарамастан, пациентті сәтті босандырып алды. Оған коронавирус және ауыр дәрежелі екі жақты вирустық пневмония диагнозы қойылған еді. Ауыр жағдайға қарамастан, науқас салмағы 4 000 г дені сау қыз баланы дүниеге әкелді», - делінген хабарламада.