Коронавирустан емделіп жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Ашық дереккөз

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

14 қазандағы мәлімет бойынша, 1 008 адам коронавирус инфекциясынан (–866 + және 142 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 110 пациент стационарда, 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 10,839,156 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10,599,110 адам II компонентін салдырды.
Ревакцинациядан өткендер – 5,573,357 адам.