Коронавирустан емделіп жатқан 14 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 14 науқастың жағдайы ауыр
Сурет: Delfi.It

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы ақпаратты жариялады. Бұл туралы хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Оған сәйкес 2 201 адам коронавирус инфекциясынан (2 140+ және 61 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 291 пациент стационарда, 1 910 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ шалдыққандар арасында 14 адамның жағдайы ауыр.