Коронавирустан елімізде 910 адам емделіп жатыр

Коронавирустан елімізде 910 адам емделіп жатыр
Сурет: Fantasyclinic.ru

24 қазан күнгі бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирус 17 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

25 қазандағы мәлімет бойынша, коронавирустан 910 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирус инфекциясынан 749 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 161 (КВИ-) адам ем қабылдауда.

97 пациент стационарда жатса, 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Министрлік дерегіне сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 841 936 адам, II компонентін 10 602 870 адам салдырды. Ревакцинациядан өтті – 5 599 079 азамат.