Коронавируспен науқастанған 133 адамның жағдайы өте ауыр

Коронавируспен науқастанған 133 адамның жағдайы өте ауыр
Сурет: Belpressa.ru

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 16 ақпандағы ақпарат

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 45 328 адам коронавирус инфекциясынан (44 171 КВИ+ және 1 157 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде:

 6 191 пациент стационарда,
 
 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 308 адамның жағдайы ауыр,

 133 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.