Коронавируспен ауырған 125 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

Коронавируспен ауырған 125 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік
Cурет: Egemen.kz

84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Коронавируспен ауырған 397 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінде айтылған деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

28 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 056 адам коронавирус инфекциясынан (–23 439+ және 3 617 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 21 324 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 397 адамның жағдайы ауыр,
• 125 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.