Коронавирусқа шалдыққан 15 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 15 науқастың жағдайы ауыр
Сурет: Florida.info.kz

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

28 тамыздағы дерек бойынша, ел өңірлерінде індеттен 19 016 адам емделуде, оның ішінде 18 666 науқас – коронавирустан (КВИ+) және 350 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 573 пациент стационарда жатса, 18 443 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 15 адамның жағдайы ауыр,

- 9 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.