Коронавирусқа қарсы вакцинаны 37 мыңнан астам жүкті әйел салдырған

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 37 мыңнан астам жүкті әйел салдырған
Cурет: 24.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 471 277 адам, екіншісін - 9 212 190 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Pfizer» вакцинасының I дозасын - 1 008 171 адам, ІІ дозасын - 868 562 адам салдырды.

І компонент
- Жасөспірімдер – 803 161
- Жүкті әйелдер – 37 113
- Бала емізетін әйелдер – 132 672.

ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 722 292
- Жүкті әйелдер – 31 555
- Бала емізетін әйелдер – 113 078.