Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру жалғасып жатыр

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру жалғасып жатыр
Сурет: Inform.kz

13 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 491 849, ІІ компонентін 9 260 542 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Соның ішінде «Pfizer» вакцинасының I дозасы 1 109 281, ІІ дозасы 973 295 адамға егілген.

Атап айтқанда, І компонентін салдырған жасөспірім – 837 583, жүкті әйел – 38 955, бала емізетін әйел – 138 517. Ал, ІІ компоненті 776 019 жасөспірім, 34 401 жүкті әйел мен 125 306 бала емізетін анаға салынған.