Коронавирусқа қарсы вакцина 770 мыңнан астам бала алды

Коронавирусқа қарсы вакцина 770 мыңнан астам бала алды
Cурет: Ашық дереккөз

Жүкті және бала емізетін әйелдер де вакцина салдырып жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін - 9 442 132 адам, екіншісін 9 124 768 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

21 наурызға дейін «Pfizer» вакцинасының I дозасын 928 485 адам, ІІ дозасын 756 969 адам салдырды.

Оның ішінде:
І компонент
- Жасөспірімдер – 770 409
- Жүкті әйелдер – 35 068
- Бала емізетін әйелдер – 122 843.

ІІ компонент
- Жасөспірімдер – 632 601
- Жүкті әйелдер – 27 683
- Бала емізетін әйелдер – 96 616.