Коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар саны артты

Коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар саны артты
Сурет: Rg.ru

Вакцинаның бірінші компонентін 9 457 297 адам алды.

СOVID-19 қарсы вакцина алған мемлекет азаматтарының саны артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің бесенші сәуірдегі мәліметі бойынша, I компонентпен 9 457 297 адам вакцина салдырды, II компонентпен 9 180 823 адам. Ревакциналанғандар саны – 3 340 116.

Қазақстанда PFIZER вакцинасын алған адамдардың ішінде І компонентімен 784 116 жасөспірім, 35 986 жүкті әйел, 127 990 бала емізетін әйел егілсе, ІІ компонентін 686 357 жасөспірім, 30 168 жүкті әйел, 106 418 бала емізетін әйел салдырған.