Коронавирус. Әлем жаңалықтары

Коронавирус. Әлем жаңалықтары
Cурет: Ашық дереккөз

60 жастан асқан адамдарға сапарды кейінге қалдыру ұсынылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамының анықталуына байланысты халықаралық сапарларға шығатын адамдарға ұсынымдар әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
 
Бұл 60 жастан асқан, созылмалы аурулары, қант диабеті немесе онкологиясы бар адамдарға қатысты болмақ. 

«Ауыр ағымдағы COVID-19 ауруы мен өлім-жітім қаупі бар азаматтар, оның ішінде 60 жастан асқан адамдар сапарды кейінге қалдыруы керек», - деп атап өтті ДДҰ. 

Сапардан бас тартпайтын туристерге санитарлық талаптарды қатаң сақтау, денсаулығын бақылау, КВИ белгілеріне жіті назар аудару, вакцина салу және коронавируспен ауырмау үшін қорғаныс шараларын сақтау ұсынылады.

Әзірбайжанда коронавирус инфекциясының таралуы дәрігерлердің мәлімдеуінше, бақылауда. Өткен тәулікте елде 1 678 вирус жұқтыру оқиғасы анықталды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 934 болған еді. Осылайша, пандемия басталғалы республикада 588 318 SARS-CoV-2 тасымалдаушысы және 7 856 науқастың ауру салдарынан көз жұму деректері тіркелді. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша дәрігерлердің бақылауында 25 713 инфекция жұқтырған пациент бар.