Коронавирус індетіне шалдыққан 172 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирус індетіне шалдыққан 172 науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Regnum.ru

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 22 қазандағы ақпарат

Бүгінгі күннің мәліметі бойынша, 51 216 адам коронавирус инфекциясынан (44 962 КВИ+ және 6 254 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 365 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 625 адамның жағдайы ауыр,

 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.