Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді

Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
Сурет: 24.kz

Қазақстанда бір тәулікте 180 адам коронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 635+ және 214 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.