Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші өсті

Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші өсті
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда 8 жағдай тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 жағдай тіркелді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның ішінде, Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 8, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 6, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адамнан табылды.

Жалпы е лімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 779 жетті.

Сонымен қатар тағы 104 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.