Коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды

Коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

1571 адам ем қабылдап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі мәліметке сәйкес, 27 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, пневмонияға шалдыққандар жоқ.

5 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 571 адам коронавирус инфекциясынан (–1 418+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 450 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бұдан бір күн бұрын 76 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.