Коронавирус жұқтырғандар саны едәуір төмендеді

Коронавирус жұқтырғандар саны едәуір төмендеді
сурет: ашық дереккөзден алынды

Өткен тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды.

Алдыңғы тәулікте 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, бүгін бұл көрсеткіш 23 адамға тең. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz ҚР ДСМ Санитария


лық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.  

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.