Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
сурет:ria.ru

Елімізде 58 адамнан коронавирус анықталды.

Өткен тәулікте елімізде 58 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналына  сілтеме жасап.

12 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 2 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.