Коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы өте ауыр - министрлік

Коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы өте ауыр - министрлік
Сурет: Grozny.tv

23 қазандағы мәлімет бойынша елімізде 944 адам коронавирус инфекциясынан (–789+ және 155 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 97 пациент стационарда, 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

« КВИ-ге шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.